Астанада жастарға арналған «Цифрлық қауіпсіздік сабақтары» форумы өтті.
«Заң мен тәртіп» қағидатының аясында ұйымдастырылған іс-шараға Астана қаласының әкімдігі, «Астана жастары» ресурстық орталығы және Қазақстан Республикасының Қаржы агенттігі атсалысты.
Онлайн алаяқтарға ұрынбас үшін не істеу керек? Алданған жағдайда қандай әрекетке көшкен жөн? Форумға жиылғандар цифрлық көмекшіге осы сияқты сауалдарын жолдады. «Айдос» галограммасы әр сұраққа жауап қатып, пайдалы кеңестерін бөлісті.
Арайлым Сапарәлі, «Астана жастары» ресурстық орталығының бөлім басшысы:
- Қазір жастардың санасы қалай қабылдайды? Барлығы әлеуметтік желі арқылы тез қабылдайды. Сол мақсатта бүгін жастар арасында танымал, сұранысқа ие блогер, медиатұлғалармен бірлесе отырып, солардың мысалында қаржылық сауатталық пен интернеттегі алаяқтықтың алдын алу бойынша кездесулер, лекциялар танымдық кездесулер ұйымдастырып отырмыз.
Панельдік сессияда смартфонды сауатты қолдану, қауіпсіз құпиясөз орнату, қосымшаларды бақылау секілді ауқымды тақырыптар қамтылды. Сондай-ақ шақырылған спикерлер цифрлық алаяқтықтың түрлерін жіктеп, арбау тәсілдерінің аражігін ажыратуды үйретті.
Келдібек Есетов, форумға қатысушы:
- Жастар өз үйіндегілерге түсіндіру керек қалай болатынын. Және тек ғана кибер емес, басқа елге шыққанда да талай мошеничество көп болады. Оларға түсіндіріп үйрету керек болады. Мысалы, мен актерствоға қатысқым келген. «Саған 20 мың береміз» деп шақырған. Телеграмға кірсем анандай ғой, зат тастап кетеді екен ғой. Алдап шақырған екен, мен сразу отказ бердім.
«Заң мен тәртіп» қағидатының аясында өткен «Цифрлық қауіпсіздік сабақтары» 1300-дей жасты қамтыған. Айта кету керек, форумды Астана қаласының әкімдігі, «Астана жастары» ресурстық орталығы мен Қаржы агенттігі бірлесе ұйымдастырды.
Бақыт Топтаева, Қанат Махмұтов
Тегтер #Заң мен тәртіп #цифрлық қауіпсіздік #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz