RU
Толық нұсқаға өту

ШҚО-да алтынды заңсыз өндіргендер ұсталды

27.11.2025, 20:28 343

Шығыс Қазақстан облысында заңсыз алтын өндірушілер айылын жимай тұр.

Тіпті олардың әрекеті өнеркәсіптік ауқымға жете бастаған. Құқық қорғаушылардың айтуынша, пайдалы қазбаны қолды етіп жүргендер ауыр техниканың түр-түрін қолданып, өзендердің арнасын бұрып, тау-тасты қопарып, қоршаған ортаға орасан залалын тигізіп жатыр. Биыл Шыбынды және Құлынжон өзені маңынан осындай заңсыз өндіріспен айналысқан екі ірі топ қолға түскен. Олар мемлекетке 400 миллион теңгеден астам шығын келтірді. Жалпы өлкеде жыл басынан бері осы бағытта 9 қылмыстық іс қозғалып, 7 келіден астам алтын тәркіленді. Заң бұзған 75 шетел азаматы елден шығарылды.

Руслан Нұрсапанов, ПД басқарма бастығы:

- Оқиға орнынан пайдалы қазбаларды өндіруге пайдаланылған ірі габаритті техника мен жабдықтар, сондай-ақ құрамында алтын және өзге де бағалы компоненттер бар металл бұйымдар тәркіленді. Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру басталды. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz