RU
Толық нұсқаға өту

«Ауыл тағдыры – ұлт болашағы» республикалық экспедициясы Жамбыл облысына келді

27.11.2025, 22:31 415

«Ауыл тағдыры – ұлт болашағы» республикалық экспедициясы Жамбыл  облысына келді.

«Qazaqstan dauiri» халықаралық қоғамдық-саяси газетінің идеологиялық бастамасын «AMANAT» партиясы қолдап, аудан-ауылдарды аралауда. Ілкімді жобаға белгілі қоғам қайраткері Сәуле Мешітбайқызы бастамашылық етті. Сапардың түпкі мәні – ауыл жағдайын зерделеп, өзекті мәселелер мен ұтымды ұсыныстарды тыңдау. Экспедициялық топ өңірдің төрт ауданын аралап, Таразда басқарма басшылары мен аудандардың идеологиялық жұмысына жауапты қызметкерлермен кездесті. Алқалы жиында жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен суицид, ерте жүктілік мәселелеріне мән берілді. Мұндай жайттардың алдын алу үшін  атқарылартын ақпараттандыру жұмыстары жоспарланды. Кездесуде жас ұрпақтың медиа сауаттылығын арттыру, ұлттық болмыс пен адамгершілік тәрбиесін күшейту жолдары кеңінен талқыланды. Айта кетерлігі, атылмыш экспедиция осымен 16-облыстың елді мекендерін аралап жүр. Қордаланған мәселелер бес министрлік өкілдерімен болатын қорытынды жиында қаралады.

Сәуле Мешітбайқызы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, "Qazaqstan Dauiri" серіктестігінің бас директоры:

- Бұл экспедицияның мақсатының өзі - ұсыныстарын жинау. Мысалы қазір тәрбие саласымен жүрмін идеологиямен. Мысалы, ұлттық құндылығымыз жойылып бара жатыр. Шын мәнінде ұрпағымыздың тәртібі ойланарлық. Мектеп мұғалімдерінде қандай ұсыныс бар? Біз министрге жеткізушіміз. Ауыл тағдыры ұлт болашағы дегенде 5 министрлікті көрсеттім. Мен жеткіземін, оларды шақырамын қорытындыға. Олар жіберген адамдарына байланысты осыған жауап беріңіз деймін. Олар жауап береді,  тіпті соның қортындысын газет бетіне беріп үкіметке жібереміз. Шешуі болып жатады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz