Талдықорғандық студенттер «Таза Қазақстан» акциясына қатысу арқылы тарихи тұлғалардың өмірбаянымен танысып жүр.
Бұл жолы білімгерлер профессор Жұмахан Балапанов ескерткішінің алдына жиналып, қоғам қайраткерінің ауыл шаруашылық саласына қосқан сүбелі еңбегі жайлы мол мағлұмат алды. Артынша аллеяны тазалап, ретке келтірді. Жыл басынан бері Жетісу облысында 400-ден астам сенбілік ұйымдастырылды. Мамандардың мәліметінше, оған 14 мыңға жуық адам жұмылдырылып, 161 тонна тұрмыстық қалдық шығарылған.
Қаламқас Медетқызы, студент:
- Талдықорған қаласына келіп жатқанымызға екі жыл уақыт болды. Екінші курс студентіміз. Студенттерімізбен бәріміз келіп, «Таза Қазақстан» акциясына үлес қосып, экологиямызды сақтауға, таза жүруге, қаламызды қорғауға үлес қосудамыз.
Тегтер #Талдықорған #сенбілік #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz