RU
Толық нұсқаға өту

Қостанай облысындағы жылу желілерін жөндеуге ₸2,2 млрд теңге бөлінді

28.11.2025, 12:00 315

Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында Қостанай облысындағы жылу желілерін реконструкциялауға Үкімет резервінен 2,2 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінді, деп хабарлайды 24KZ. Қаражат Қостанай, Жітіқара, Арқалық қалаларындағы жылу желілерін және Рудныйдағы су жүйесін жөндеуге бағытталды.

Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды. Қостанайда 70 жыл бұрын салынған жылу электр орталығының бас бу құбырын жаңғыртуға 188 млн теңге жұмсалды. Нысанға ішінара жөндеу 2012 жылы жүрген. Жітіқарада 11 шағынауданның жылу желілерін жөндеуге 389 млн теңге қарастырылған. Жылу энергиясын тұтынушылардың жалпы саны 15,5 мың абонентті құрайды.

Жалпы елді мекеннің жылу желілерінің ұзындығы 78 шақырым. Арқалықта жылу желілерін реконструкциялаудың үшінші кезеңі жүзеге асып жатыр. Жобаға 645 млн теңге берілді. Жыл соңына дейін 1,6 шақырым желі жаңартылады. Рудныйда №2 сүзгі станциясы қайта жөндеуден өтіп, 122 мың тұрғынды сапалы сумен қамтамасыз ету көзделіп отыр. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz