RU
Толық нұсқаға өту

«Ауыл мектебі – сапа алаңы» жобасы қалай іске асып жатыр?

28.11.2025, 13:30 515

Ауыл әкімдерінің форумында көтерілер өзекті тақырып көп. Соның бірі – елді мекендердегі білім беру сапасы. Ауыл мен қала мектептерінің арасындағы алшақтықты жою мақсатында бірер жыл бұрын «Ауыл мектебі – сапа алаңы» жобасы іске қосылған еді.

Оған қоса әр облыста білім сапасын арттырудың өңірлік бастамалары жүзеге асырылып жатыр. Мәселен, Ақтөбе облысында «Цифрлық технологияларды пайдалана отырып шағын жинақталған мектептердің әлеуетін дамыту», Алматы өңірінде «Жаратылыстану-математикалық цикл пәндерінің сапасын арттыру» жобасы іске қосылған. Сол сияқты Маңғыстау облысында «Отпан» тірек мектептерінің желісін дамыту, ал Ұлытау облысында «Ustaz Ulytau» бастамасы қолға алынған.

2023 жылы Ақтөбе облысында 12 тірек және 134 шағын жинақты мектеп құрылды. Былтыр Ақмола, Қостанай, Павлодар, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан өңірлерінде 10 тірек және 30 шағын жинақты мектеп салынған. Бүгінде еліміздің 17 аймағында 299 тірек және мыңнан аса шағын жинақты мектеп бар.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz