«Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» халықаралық акциясы жалғасып жатыр. Біріккен Ұлттар Ұйымының бұл бастамасына Қазақстанда қомақты үлес қосып келеді.
Ел Конституциясы барлық азаматтың сот пен заң алдында теңдігін бекітіп, алалауды тыйып, отбасы, ана мен бала құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді. Сталкинг, яғни соңына түсу мен мәжбүрлі некеге жауапкершілік енгізілді. Соттарға агрессорларды психотүзету бағдарламасына бағыттау құқығы берілді. Биыл 7 айда отбасылық-құқықтық салада 2 мыңнан аса қылмыстық құқықбұзушылық тіркелген. Былтырмен салыстырғанда 3 еседен көп. Бұның себебін сарапшылар жекелеген жағдайда жергілікті жерлерде әлі де заңды қолдану жағының осалдығымен түсіндіреді. Қазір цифрлық зорлық деген шықты. БҰҰ-ның жаһандық деректеріне сүйенсек, әлем әйелдерінің 38%-і онлайн-зорлыққа ұшыраса, 85%-і соған куә болған. Ал 90%-тен аса жалған контент әйелдер мен қыздарға бағытталады екен. Елде қыз-келіншектерге көрсетілген озбырлықтан соңғы 2 аптада 6 дерек тіркелген.
Айман Омарова, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары:
- Осы екі аптада 2 адам өмір бақи сотталып кетті. Үшеуі 15 жыл, 20 жыл, 25 жылға дейін сотталды. Екі аптада 6 адам сотталды. Сол біздің ұлттық комиссияның қолдауымен жүргізіліп жатқан «One-Stop-Service» жобасы бойынша. Бірақ бізде ең жақсысы соны жасырмай, соттап жатыр. Сол өте дұрыс деп ойлаймын. Негізі біздің осыған қараған саясатымыз жаман емес. Бірақ сол заңды қолдану осал.
Тегтер #Заң мен тәртіп #зорлық зомбылық #сталкинг #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz