Бішкекте Түркі мемлекеттер ұйымының электоралды анықтамалығы жарық көрді. Онда делегация басшыларының баяндамалары, ілеспе ақпарат және сайлау процестерін жетілдіру туралы деректер қамтылған.
Жинақты шығаруға биыл мамыр айында Түркістан қаласында өткен ұйымның Орталық сайлау органдарының консультативтік платформасының бірінші отырысы түрткі болды. Сол кездесу қорытындысы бойынша қарар қабылданған еді. Оның бір тармағы Түркістан Халықаралық электоралды конференциясына арналған кітап шығаруға бағытталған.
Естеріңізге сала кетейік, Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Орталық сайлау комиссияларының өзара іс-қимылы үшін жаңа алаң құру бастамасын Қасым-Жомарт Тоқаев көтерген болатын.
Нұрлан Әбдіров, ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы:
- Осыны Қазақстан тарапы орындап шығарды. Бүгін соның ресми түрде, салтанатты түрде тұсаукесуі болды. Оған әріптестеріміз, қатысушылар оң бағасын беріп жатыр. Тіпті осы кітаптың электрондық нұсқасын әрбір тараптар алып, өздерінің күнделікті қарым-қатынаста жүрген халықаралық ұйымдар, басқа мемлекеттерге де таратсақ деген пікір айтылды. Біз оны қолдап жатырмыз.
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz