Түркістанда «Жасанды интеллект дәуіріндегі медиа және бейбітшілік журналистикасы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Жиында жасанды интелекттің қоғамға әсері, әлеуметтік желі әлеміндегі жетістіктер мен қарама-қайшылықтар сөз болды.
Сауатсыз жазу, ақпараттық порталдар және телеарналардың рейтинг қуып асыра сілтеуі қызу талқыға түсті. Медиасарапшылар әлеуметтік желі - азаматтық журналистика алаңына айналғанын, бірақ ешкім өзіне жауапкершілік алмайтынын сынға алды. Соның салдарынан рас-өтірігі белгісіз ақпарат кең тарап, халықты адастырып жатқанын жеткізді. Тіпті әлеуметтік желіде жеке басқа өтіп, кемсіту, этносаралық алауыздық тудыру қалыпты жағдайға айналып бара жатыр.
Дархан Қыдырәлі, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
- Жалпы Қазақстан әлемдік, жаһандық бейбітшілікке үлкен үлес қосып келеді. Осы тұрғыдан алғанда бүгінгі жиында агрессияға қарсы, татулық тілін насихаттауға, өшпенділікті өршітпеу сияқты мәселелерді қамтып отырмыз. Бұған медиа әлеміндегі архитектураның өзгеріп жатқаны белгілі ғой. Сондағы ЖИ бейбітшілік медиасында қалай қолдануға болады? Татулық тілін қалай қоғамдық медиа саласында насихаттауға болады? Осы сияқты мәселелерді қарастыратын боламыз.
Тегтер #дөңгелек үстел #ЖИ #Түркістан #медиаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz