Ауылдардың кірісі көбейді. Мемлекет тарапынан берілетін қаржыға, яғни дотацияға тәуелділік азайып келеді.
Жақында жүргізілген сауалнамаға сәйкес ауыл тұрғындарының 84 пайызы өз әкімдеріне сенеді. Сондықтан ауыл әкімдерін сайлау үдерісі алдағы уақытта да жалғасын табады. Ал уәдесін орындамайтын, міндетін дұрыс атқармайтын ауыл басшысын қызметінен босату тетіктері қарастырылуы қажет. Ондай әкімдер халықтың талабымен немесе саяси партиялардың ұсынысымен жұмыстан шығарылуға тиіс. Кешегі форумда президент Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Әрбір реформа салмақты көзқараспен, байыппен жасалуы керек. Бәріңізге белгілі, елдегі өзгерістердің арқасында мемлекеттік қызметке жаңа адамдар келіп жатыр. Осы орайда Президенттік жастар кадрлық резервін ерекше атап өткен жөн. Резервке қосылуға өтініш берген 30 мыңға жуық үміткердің ішінен 450 адам іріктеліп алынды. Олардың 72 пайызы басшылық қызметке тағайындалды. Ең алдымен тиімді ұсыныс айтып, пайдалы бастамалар көтеретін, батыл шешім қабылдай алатын азаматтарды яғни кәсіби тұрғыда білікті мамандарды мемлекеттік қызметке көптеп тарту қажет.
Тегтер #ауыл #дотация #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz