Оқиға бүгін Новороссийск портында болған. Халықаралық маңызы бар кешенге пилотсыз су көліктері шабуылдаған. Салдарынан екінші сыртқы аялдау құрылғысы айтарлықтай зақымданып, істен шықты.
Төтенше жағдайға қатысты Энергетика министрлігі ресми түсініктеме берді. Онда: «Каспий құбыр Консорциум жүйесі – халықаралық энергетикалық жоба және оның нысандарына кез келген күш қолдану жаһандық энергетикалық қауіпсіздікке тікелей қауіп төндіреді, сондай-ақ консорциум қатысушыларының, соның ішінде Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделеріне елеулі зиян келтіреді», - делінген.
Қазір өндіріс қарқынын сақтау мақсатында, министрлік өнімдерді балама бағыттарға қайта бағыттау бойынша жедел жоспарды іске қосты. Жағдай Үкіметтің жіті бақылауында.
Тегтер #Каспий #консорциум #нысанPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz