RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстанда аудандық және облыстық судьялар таңдалды

01.12.2025, 08:40 366

Елде облыстық және аудандық судьялар таңдалды, деп хабарлайды 24KZ. 548 үміткердің арасынан іріктелген 111 судья облыстық және аудандық соттарға ұсынылды.

Облыстық соттарға 14 жылдан астам еңбек өтілі бар 25 жыл жұмыс істеп жүрген судьялар таңдалды. Ал қалған 53-і аудандық соттардың судьялары лауазымдарына үміткер. Олардың 4-і жұмыс істеп жүрген судья болса, 49-ы алғаш рет ұсынылған заңгерлер. Судья лауазымдарына тағайындауға ұсынылған кандидаттар туралы мәліметтер отырыстың ресми YouTube-арнасында онлайн-трансляция барысында жарияланды, сондай-ақ Кеңестің ресми интернет-ресурсында орналастырылды. Сонымен қатар отырыста 21 судьяны қызметтен босату туралы ұсыным берілді.

Дмитрий Малахов, ҚР Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы:

- Бүгін біз биылғы жылы жарияланған алтыншы конкурстың қорытындыларын шығарып отырмыз. Үміткерлерге қойылатын талаптар күшейтілді, ал басты мақсат өзгеріссіз. Судья кадрларын айқын әрі әділ іріктеуді қамтамасыз ету. Биылғы жылдан бастап кадр резервіне іріктеу рәсімдері айтарлықтай оңтайландырылды. Қабылданған шаралар кешені сапалы және объективті іріктеуді қамтамасыз етті және жоғары кәсіби көрсеткіштері мен мінсіз беделі бар судьялардан кадр резервін қалыптастыруға мүмкіндік берді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz