RU
Толық нұсқаға өту

Тұтынушылар шағымының 20%-ы маркетплейстерге қатысты болып отыр

01.12.2025, 17:12 348

Қазақстандық тұтынушылар шағымының 20 пайызы электронды маркетплейстерге қатысты.

Атап айтқанда, азаматтар көбіне тауарды кері қайтарып, немесе ауыстыра алмаған жағдайда арызданатын көрінеді. Отандық маркетплейстегі саудагермен кері байланыстың жоқтығы да шағымдануға себеп. Алайда мұндай мәселелер көп ұзамай шешімін тауып жатады. Бұл туралы электронды сауданың дамуы тақырыбына арналған брифингте айтылды. Шетелдік маркетплейстердің үстінен тауардың жеткізу уақыты ұзаған жағдайда ғана шағым түседі. Дегенмен, шекара асып келетін тауардың 80 пайызы уақытылы жеткізіледі. Айта кетейік, былтыр ішкі электронды сауда көлемі 3,2 трлн теңгені құрады. Бұл бөлшек сауданың 14%. Жыл соңына дейін онлайн сауданың бөлшек саудадағы үлесін 15 пайызға жеткізу жоспарланған. Ал 2029 жылға дейін бұл көрсеткішті 18,5 пайызға дейін арттыру межеленген. Жалпы соңғы 5 жылда электронды сауда көлемі 7 есе өскен. 

Аңсар Оразалиев, ҚР СИМ Ішкі сауданы дамыту департаментінің директоры:

- Онлайн сауданы бұдан әрі дамыту үшін биыл наурызда электронды сауданы дамытудың 2027 жылға дейінгі жоспары бекітілген еді. ҚазТрейд компаниясымен бірлесіп, кәсіпкерлерге арналған электронды сауда және өнімді онлайн өткізу бойынша семинарлар тұрақты түрде өткізіледі. Сондай-ақ салалық кәсіби стандарттар жаңартылып жатыр. Маркетплейстерде «Қазақстанда жасалған» арнайы бөлімдері енгізіліп, отандық тауарларды ілгерілету қолға алынған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz