RU
Толық нұсқаға өту

Жамбыл облысы химия өндірісінде алда тұр

01.12.2025, 18:00 342

Жамбыл облысы химия өндірісі бойынша елде көш бастап тұр.

Бұл туралы БАҚ өкілдерінің алдында баяндама жасаған өңір әкімі айтты. Бүгінде Жамбыл облысы Қазақстанды стратегиялық маңызы бар негізгі химия өнімдерімен толық қамтамасыз етіп отыр. Ербол Қарашөкеевтің сөзінше, биыл аймақтың экономикасы тұрақты өсім көрсеткен. Атап айтсақ, облыстың жалпы өнімі 8 процент, ал 10 айдағы қысқамерзімді экономикалық өсім 110 пайыз деңгейінде қалыптасқан. Одан өзге өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, тұрғын үй құрылысы бойынша да прогресс байқалады. Брифингте журналистердің сауалына жауап берген әкім өңірдің санитарлық жағдайына да тоқталды. 

Жалпы Жамбыл облысында, Тараз қаласында жасыратыны жоқ, бүгінде санитарлық талаптар қиын. Тіпті мүшкіл деп айтсақ та болады. Биыл елде, өңір-өңір, ауыл-аймақтарда тазалық акциялары жүріп жатыр. Ал бұл сіздің өңірде қалай өтіп жатыр? Тұрғындардың белсенділігі қалай? Бір реттік акция ретінде өтіп жатқан жоқ па? 

Ербол Қарашөкеев, Жамбыл обылсының әкімі:

- Сұрағыңызға рақмет. Бізде «Таза Қазақстан» акциясы өте қарқынды өтіп жатыр. Жыл басынан бері 109 мың адам және 1,8 мың кәсіпорындар мен мекемелер қатысты. Іс-шара барысында біз 56 тарихи-мәдени ескерткіштер, 100 мың шаршы метр тұрғын үй аулалары, 3,1 мың шақырым көше жолдарын, 12 мың тонна күл-қоқыс шығару жұмыстары жүргізілді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz