Шығыс Қазақстанда биыл жол-құрылыс саласында ондаған ірі жоба жүзеге асты.
Республикалық маңыздағы 300 шақырымға жуық жол жөнделді. Мәселен, екі бірдей облыс жұрты он жылға жуық уақыт бойы күткен Омбы - Майқапшағай күре жолы салынып, қолданысқа берілді. Сөйтіп, тозған жолмен Өскеменге 10 сағатта әрең жетіп келген халықтың еңсесі тіктелді. Мұнымен қатар Зайсандағы шекарада бақылау өткізу пункті жаңартылды. Бұған дейін ол жерде жолдың тарлығынан көлік кептелісі туындайтын. Қазір сол жол алты жолақты болып кеңейтілді. Бекет басында әрқайсына 100 көлік сиятын кең автотұрақ салынып, қонақүй де бой көтереді. Туристік аудандарға апаратын күрежолдар да басты назарда. Әсіресе Рахман бұлақтарына жеткізетін 13 шақырым қашықтықтың жөнделе бастауы жергілікті жұртты қатты қуантты. Себебі бұл маңда автожол мүлдем жоқ деуге болады. Әрі бұл еліміздегі ең қиын құрылыс. Өйткені арнайы техника, құз жартас арасында еңіске қарай жұмыс істейді.
Әділет Жампейісов, "Қазавтожол" ҰК ШҚО филиалы директорының орынбасары:
- Техниканың сырғып кету қаупі бар, соған байланысты техника қауіпсіздік шараларын қолданатаын боламыз. Сол себепті жер тегістейтін каток, басқа да техниканы басқа техникаға тіркеп страховка ретінде қауіпсіздік шараларын қолданып келесі жылы енді туристер біздің қауіпсіз әрі әдемі жолды пайдалануға береміз деп ойлаймын енді туристер үшін.
Тегтер #ШҚО #жол құрылысы #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz