RU
Толық нұсқаға өту

Ұлытау облысында «Заң мен тәртіп» тақырыбында семинар өтті

01.12.2025, 21:51 495

Ұлытау облысында «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету бойынша семинар-тренинг өтті.

Онда өңірде заң үстемдігін нығайтуға бағытталған ақпараттық саясаттың тиімділігін арттыру және медиа тәуекелдерді басқару жолдары талқыланды. Іс-шараға мемлекеттік орган басшылары мен құқық қорғау саласының өкілдері қатысты.

Құқықтық мәдениетті дамытудың негізгі қағидаттарының бірі – ашықтық. Яғни заңның бәріне ортақ екенін ұғындыру. Бұл бағытта елде бірқатар бастамалар жүзе асып жатыр. Соның бірі сот отырыстарын онлайн көрсету. Семинар спикері, ҚР Жоғарғы Сотының коммуникация бөлімінің меңгерушісі осы тәжірибемен бөлісті. 

Перизат Сәдуақас, ҚР Жоғарғы сотының коммуникация бөлімінің меңгерушісі:

- Дәл қазір бізде ашық коммуникациямен жұмыс істеп, қоғамға бұрынғыдан да бетер ашылып, ашық сот процестерін өткізіп, БАҚ-пен көбірек жұмыс істеуге тырысып жатырмыз. Бүгінгі семинарда «Заң және тәртіп» аясында республикада және өңірде өтіп жатқан кешенді іс-шаралар және оның аясында жұмыс істеу тетіктері және алгоритмдері туралы айтатын боламыз.  

Өңірде «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету бағытында іс-шаралар жоспары бекітілген. Заң өкілдері тарапынан тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бас мән берілген. Бұл ретте «Жолда қабылдау», «Құқықтық дәріхана» секілді акцияларды ерекше атап өтуге болады.

Сүлеймен Қыдырбек, құқықтық статистика және арнайы есепке алу департаментінің аға прокуроры:

- Біз өзіміз департаментпен халық арасында шығып, сауда орталығында отырдық 5-6 қызметкер. Өтіп бара жатқан, халық азамат, азаматша келіп өзінің өзекті мәселесін, мысалы өзінің құқығын білмейтін азаматша көп, болардың барлығын түсіндіріп, түсіндіру жұмыстарын жүргіздік.  

Семинарда әлеуметтік желіге тарайтын қауесеттер мен жалған ақпараттарға төтеп беру, адам құқығы туралы қарапайым тұрғындарға түсінікті контент дайындау және ағартушылық жобаларды кеңінен жариялау жолдары түсіндірілді.

Елдос Кәкенов, Нұрбол Үздікбаев, Гүлшаһира Серекбаева

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz