«Жұмысшы мамандықтар жылы» аясындағы шара ұлттық өнерімізді дәріптеу мақсатында ұйымдастырылды.
Көрмеге 200-ден аса қолөнер шебері қатысып, өз бұйымдарын көпшілік назарына ұсынды. Сонымен қатар өзара тәжірбие алмасып, өзекті мәселелерін көтерді. Әрі көпшілікке киіз басу, ши тоқу, құрақ құрау, жүннен мүсін илеу өнері үйретілді. Үш күндік басқосу соңында қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталып, 30 тігін машинасы тарту етіледі.
Сәуле Дүйсенбекова, қолөнер шебері:
- Қазақтың жасөспірім балаларына қазақтың рухын білдіру үшін ата-бабамыздан қалған қолөнерін дәріптеп жүрмін. Кейінгі кездері. Болашақ ұрпаққа бұрмасыз жеткізу үйрету менің міндетіп деп ойлаймын.
Ырза Тұрсынзада, «Бақытты отбасы» орталығының төрайымы:
- Жаһандасу заманында бұл әрбір ұлттың иммунитеті. Ең алдымен біздің иммунитетті көтеру үшін өкімет бағалау керек. Тіпті қолөнершілерге арналған жеке марапат жоқ. Отыз жыл бойы әлі қолөнердің бағасын бере алмай келе жатырмыз. Қолөнерге заң да қабылдай алмай жатырмыз. Міне мәселе қайда жатыр.
Тегтер #Жұмысшы мамандықтар жылы #Талдықорған #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz