RU
Толық нұсқаға өту

Астанада «Qarzhy Sagshysy» ойыны іске қосылды

02.12.2025, 15:40 776

Астанада «Qarzhy Sagshysy» атты интерактивті ойын іске қосылды, деп хабарлайды 24KZ. Қаржылық мониторинг агенттігі мен Білім басқармасы бірлесіп әзірлеген жоба оқушыларға алаяқтық схемалардың құрбаны болмауды үйретеді. Виртуалды қаладағы тапсырмалар арқылы жастар күмәнді қоңыраулар мен жалған ұсыныстардан сақ болуды үйренеді. Олар логикалық сұрақтарға жауап беріп, тапсырмаларды орындайды. Ойында «алаяқтардың қоңырауы» немесе әккілердің схемалары да  қарастырылған.

Елдар Сейітханов, №82 «Дарын» мамандандырылған лицейінің 11-сынып оқушысы:

- Бұл ойын жалпы оқушылар арасында қаржылық сауатталықты арттыру үшін арналған деп ойлаймын және шынымен пайдасы бар. Сұрақ-жауап ойындары барлығы қаржылық сауаттылыққа қатысты. Мысалы, инвестиция, банктегі проценттер немесе депозит деген оңай терминдерді білген адам бұл ойынды өте алады деп ойлаймын.

Қанат Баетов, Қаржылық мониторинг академиясының бас маманы:

- Балалар арасындағы алаяқтықтың көбейіп кетуіне байланысты сол алаяқтық схемалардан, басқа да лудомания, электрондық темекілерден сақ болу үшін интерактив түрінде ойынды жасап шығардық. Ойын барысында алаяқтық қоңырау шалулар, соларға диалог ретінде жауап береді және де өмірде кездесіп жататын түрлі қызуғышылық балалардың тарапынан пайда болуы мүмкін. Соның зиян екенін, оның түптеп келгенде балаларға кері әсер ететінін түсіндіру. Осы басты мақсатымыз болды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz