Елімізде дропперлік қылмысқа тартылғандар саны айтарлықтай артты, деп хабарлайды 24KZ. Құзырлы органдар мұндай әрекетке барғандар жауапкершілікке тартылатынын ескертіп келеді. Алайда қарапайым халық дроппер дегеннің кім екенін жақсы біле ме?
Елде соңғы айларда дропперлік қылмысқа тартылу жағдайлары күрт өсті. Сарапшылардың айтуынша, азаматтардың алаяқтық схемаларға абайсызда араласуы қаржылық сауаттың төмендігі мен жеңіл табысқа сенуден туындайды.
Биыл 61 кибертоптың әрекеті әшкереленіп, 217 дроппер қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Құзырлы органдар 2 млрд 900 млн-нан аса теңгенің күдікті транзакциясын бұғаттады. Мамандардың ескертуінше, заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайды. Ал халық дроппер туралы қаншалықты хабардар?
Дропперлер халықтың сеніміне кіріп, оны өз қылмыстық схемаларына пайдаланады. Мұндай әрекетке көбіне есірткі саудасымен айналысатын қылмыстық топтар барады. Ал әртүрлі шоттар арқылы делдал болуға келіскендер қылмыскерлерге сыбайлас болып есептеледі. Заң бойынша мұндай әрекетке барғандар 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Авторлары: Асылжан Құрманғали, Мұрат Әріпханов
Тегтер #дроппер #Заң мен тәртіп #халық #киберқылмыс #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz