Түнгі екі жарымда Сарқан қаласындағы баспаналардың біріндегі пештен иіс шыққан. Улы газды анықтайтын құрылғы іске қосылғаннан кейін үй иесі оянып, төрт немересін сыртқа шығарған. Артынша құзырлы органдарға қоңырау шалыпты.
Өрт сөндірушілер қабырғаға жайыла бастаған отты өшіріп қауіптің бетін қайтарды. Айта кетейік, бұл отбасы дабыл жүйесін төтенше жағдай қызметкерлерінің кеңесінен кейін сатып алған. Жалпы биыл жергілікті әкімдіктің қаржыландыруымен екі мыңнан аса құрылғы алынып, әлеуметтік санаттағы тұрғындардың үйіне орнатылды.
Баршын Тасболатова, Сарқан қаласының тұрғыны:
- Оянсақ, үй түтін болып жатыр екен. Дабыл жүйесінің дыбысынан оянып, балаларды сыртқа шығарып, есік-терезені ашып, ауа кіргізіп, 101-ге хабарластым. Олар уақытылы келіп, қабырғаны тесіп, өртті өшіріп берді.
Еламан Әубәкіров, облыстық ТЖД аға инженері:
- Өрт қауіпсіздігі айлығы аясында 118 мың тұрғын үй араланды. 300 мыңнан астам өрт қауіпсіздігі бойынша нұсқаулықтар жүргізілді. Сондай-ақ, рейдтік іс шаралар барысында кейбір тұрғын үйлердің пеш мұржалары тазаланып, пешті жөндеу жұмытары жүргізілген болатын. Осы профилактиканың нәтижесінде жылыту маусымы басталғалы Жетісу облысында өрт сандары 20 пайызға азайған.
Тегтер #Жетісу облысы #дабыл жүйесі #өртPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz