RU
Толық нұсқаға өту

Елімізде үш мың сарбаз грант иеленді

02.12.2025, 21:57 401

Үш мыңнан астам сарбаз мемлекеттік білім беру грантын иеленді. Оның екі мыңнан астамы былтыр көктемде әскер қатарына алынған бозбалаларға тиесілі. Ал мыңнан астамы былтыр күзде әскерге алынып, биыл қызметін аяқтаған азаматтарға берілді. 

Айта кету керек, әскерден босатылғаннан кейін екі жыл ішінде қазақстандықтар азаматтық және әскери жоғары оқу орындарына ҰБТ тапсырмай, ақылы негізде оқуға түсе алады. Одан өзге конкурстық іріктеуден сәтті өткен САРБАЗ 2.0 жобасына қатысушылар үшін мемлекет есебінен жоғары білім алу мүмкіндігі қарастырылған. Грант бөлу кезінде, жауынгерлік даярлық көрсеткіштері, тәртіп және әскери қызметшінің тестілеу нәтижелері ескеріледі. Жоба іске қосылған 2023 жылдан бері мерзімді қызметтен өткен азаматтарға тоғыз мыңнан астам білім беру гранты бөлінді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz