RU
Толық нұсқаға өту

Жастар Президент Жолдауын талқылады

02.12.2025, 22:10 304

Биыл Ұлытау облысында 20 жас маман өңірлік кадр резервіне іріктелді. Оның тең жартысы қазірдің өзінде қызметке араласып үлгерді. Кәсіп ашып, өзгелерді жұмыспен қамтып отырған іскер жастардың да қатары артып келеді. Бұл туралы Президент Жолдауында жүктелген міндеттерді жүзеге асыру жолдарын талқылауға арналған жиында айтылды. 

Пікір-сайыс форматында өткен басқосуға волонтерлар, колледж студенттері мен ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері қатысты. Шарада «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілетуі, жұмыс-тарының нәтижелері туралы да талқыланды. Бұл ретте де жастар белсенділік танытып келеді. Бір ғана Жезқазғанның өзінде тұрғындар арасында құқықтық және экологиялық мәдениетті арттыруға бағытталған акцияларға 500 ден астам волонтер қатысқан. 

Ізтөлеу Түсіпов, ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі:

- Жастардың қызығушылығы өте зор жолдауға. Олар да өздерінің тараптарынан пікірлерін қосып, ұсыныстарын айтып, осылай болса, біздің өңірімізде осы бағыттар жақсы дамиды деген ұсыныстар айтты. Оның бәрін біз ескеріп жатырмыз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz