Елімізде мемлекеттік архивке «Ұлттық» мәртебе берілуі мүмкін. Ал ауылдық жерде жұмыс істейтін архив саласының мамандарына 25 пайыздық үстемақы қосу Заңмен бекітілмек.
Жоғары жалақы, мамандығына жүрегін арнаған барша архив саласы қызметкерлеріне қатысты. Дәл осындай заң жобасы бүгін Сенатта өткен отырыста қаралды. Жаңа құжаттағы тағы бір маңызды жаңалық – бірыңғай цифрлық архив құру мәселесі. Қазіргі таңда елімізде 236 мемлекеттік архив жұмыс істейді. Онда тарихымызға қатысты 27 млн-нан астам құжат сақтаулы. Алайда көздің қарашығындай қорғалуы тиіс еңбектер қараусыз қалып жататыны жасырын емес. Осы себепті бұдан былай, құнды жазбалар жинақталып, ортақ базаға енгізіледі.
Отырыста сондай-ақ зиянды контенттің таралуына тосқауыл қою бойынша ұсыныстар талқыланды. Соның ішінде педофилия мен ЛГБТ насихатына, енді заңмен тыйым салынбақ.
Руслан Рүстемов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
- Мемлекет басшысы қол қойған «Бала құқықтары туралы» Заң аясында дәстүрлі емес жыныстық қатынастар мен педофилия насихаттауға қатысты тыйым салу шаралары нақтыланады. Атап айтқанда, БАҚ-та, киноиндустрияда, жарнама мен онлайн платформада, балаларға арналған ойыншықтар мен өнімдерде мұндай насихатқа жол берілмейді.
Тегтер #заң жобасы #архив #СенатPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz