Бет-жүзін бүркемелегендерге айыппұл салынады.
Ал электр самокат тізгіндеу үшін міндетті түрде тіркелу керек. Мәжіліс құқық бұзушылық профилактикасы туралы заң жобасын және ілеспе құжаттарды екінші оқылымда қабылдады. Енді рет-ретімен. Бұдан былай электр самокат айдау үшін міндетті сақтандыру және тіркеу нөмірі қажет. Онсыз техникаға отыра алмайсыз. Одан қалса, кәмелетке толмағандарға аталған көлік құралын жалға алуға да жол берілмейді. Сондай-ақ жаяу жүргіншілер мен машинаға кедергі келтіруі мүмкін жерде қалдыруға болмайды. Жылдамдыққа қатысты да тиісті шектеулер бар. Құжаттағы тағы бір норма бет-әлпетін бүркемелегендерге қатысты. Егер олар қоғамдық орындарда заң талаптарын бұзса, әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Алғашқыда ескерту жасалғанымен жағдай қайталанса, 40 мың теңгеге жуық айыппұл салынады.
Тегтер #самокат #Тәртіп #Заң мен тәртіп #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz