RU
Толық нұсқаға өту

Ұлытауда мал ұрлауға қатысты 15 қылмыс әшкереленді

03.12.2025, 19:31 293

Ұлытау облысында төрт қылмыстық топ ұсталды.

Олар мал ұрлаумен айналысқан. Полицейлер ұйымдастырған арнайы жедел алдын алу шарасы кезінде қолды болған 100-ге жуық мал басын иелеріне қайтарылды. Сонымен қатар мал және ет өнімдерін заңсыз тасымалдап, ветеринария талаптарын бұзған 350-ден аса адам әкімшілік жауапқа тартылды. Қала және аудандардың кіреберісіне тәулік бойы жұмыс істейтін жылжымалы блокбекет қойылды. Барлық мал соятын орындар, ет сататын базарларда бақылау күшейді.

Асқар Дүйсебаев, ПД Криминалды полиция басқармасының бастығы:

- Еркін жайылымдағы қараусыз малдар қолды болып кетіп жатыр көбінесе. Қараусыз немесе ұрлап кетіп жатқаны туралы құжаттары тексеріліп жұмыстар атқарылуда. Төрт түліктің ұрлығы туралы кеш хабарлау полицияға қылмысты ашуда қиындықтар тудырады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz