RU
Толық нұсқаға өту

Атырауда 454 көшенің жарық шамы жаңартылды

03.12.2025, 22:33 358

Атырау қаласында 454 көшенің жарық шамдары жаңартылды.

Сондай-ақ ескі ықшам аудандардағы 1500-дей тозығы жеткен, апатты бағана ауыстырылды. Жоба мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жүзеге асты. Қазір жаңарту жұмыстары Құрсай ықшам ауданында жүріп жатыр. Мұнда жалпы ұзындығы 6 шақырымнан асатын 5 көшедегі электр бағаналары мен, жарық желісі толық ауыстырылуда. Бұл бағаналар 1978 жылы орнатылған, қазіргі уақытта ешбір ұйымның есебінде болмаған. Сол себепті ескірген электр сымдары жаз мезгілінде жиі істен шығып, тұрғындар бірнеше рет жарықсыз қалған. Осыған орай қала билігі көше жарығын ретке келтіру үшін 7 кезеңнен тұратын кешенді бағдарлама қабылдаған.

Жасұлан Хамзаев, қалалық ТКШ, Энергетика және байланыс бөлімінің сектор меңгерушісі:

- Біз бұған дейін Жұлдыз, Лесхоз ықшам ауданында иесі жоқ бағандарды ауыстырдық. Сонымен қатар 1409 столб ауысты. Апатты жағдайда тұрған опорлар соның бәрі ауысты. Бұл жұмыстар тағы да жалғасын табады. Осы алты кезең бойынша 92 пайызға қамтыдық. Қалған 8 пайызы жетінші кезеңде аяқталады деп ойлап отырмыз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz