RU
Толық нұсқаға өту

Елімізде «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» науқаны өтіп жатыр

03.12.2025, 23:28 455

Бұл жаһандық акция. Қазіргі таңда шара әлемнің 180-нен астам елінде ұйымдастырылған. 

Науқан аясында арнайы оқыту курстары да жүргізіліп жатыр. Бұл шаралар барлық өңірлерді қамтиды. Мектептерде, жоғарғы оқу орындарында, мемлекеттік мекемелерде және дағдарыс орталықтарда кездесулер, тренингтер мен ашық диалогтар өткізіледі. Онда зорлық-зомбылықты болдырмау жолдары ғана емес, қорғаныс механизмдері  де талқыланады. Ал республика бойынша ондаған дағдарыс орталықтары мен сенім телефондары жұмыс істейді.

Әлібек  Кеңіспаев, ҚР ІІМ ӘПК төрағасының міндетін атқарушы:

- Бұл науқан аясында елімізде 10 мыңнан астам полиция қызметкері жұмылдырылған. Қазірге дейін шамамен 100 мың кеңес берілді. Әрбір отбасылық жағдай қауіп деңгейі бойынша бағаланады. Жоғары тәуекелі бар отбасылар ерекше бақылауға алынған. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасады және жүйелі түрде күшейтілген түрде жүргізілетін болады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz