RU
Толық нұсқаға өту

Маңғыстау облысының прокуратурасы «Заңды құрметтейтін ұрпақ» жобасын ұсынды

03.12.2025, 23:56 375

Маңғыстау облысының прокуратурасы «Заңды құрметтейтін ұрпақ» жобасын ұсынды.

Құзырлы орган өкілдері жобаға балабақша тәрбиеленушілерін, оқушыларды, студенттер мен ата-аналарды тартпақ. Акция аясында заңды сақтау, қоғам мүшелері арасындағы қарым-қатынас, түрлі кәсіп иелеріне жүктелетін міндеттер туралы тәрбиелік сағаттар мен байқау өткізілмек. Жоба келер жылдың бірінші жартыжылдығына жоспарланған. Прокуратура өкілдері Алматы облысының тәжірибесіне сүйеніп, құқықтық мәдениет бойынша арнайы курс енгізу қажет деп санайды. Бұл бастаманың өзектілігін статистика да көрсетіп отыр. Соңғы төрт жылда Маңғыстау облысында балаларға қатысты 900-ден аса қылмыс тіркелген. Оның 220-сын жасөспірімдер жасаған.

Сәкен Самет, облыс прокурорының орынбасары:

- "Заң және тәртіп" идеологиямасын тарату мақсатында "Адал азамат" принципін бекіту мақсатында "Заңды құрметтейтін ұрпақ" жобасын әзірледік. Ол мына балабақшадағы балаларме бөлек жұмыс істеу, әке-шешелермен жұмыс істеу, олардың көз алдындағы мынау полиция кейіпкерін, прокурор кейіпкерін, өрт сөндіруші кейіпкерін, одан кейін мынау дәрігер кейіпкерін қалыптастыру. Жалпы ол қызметке деген қызығушылықты, кейіпкерлерге қатысты сыйластықты дамыту.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz