Қонаевта аялдамаларды цифрландыру жұмыстары қызу жүріп жатыр, деп хабарлайды 24KZ. Қалада былтыр 34, ал биыл 16 жаңа аялдама салынды.
Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі әр аялдамаға 4 бейнебақылау камерасын орнатқан. Олар 50 метр жерде тұрған адамдардың бет-әлпеті мен кез келген іс-қимылын жақындатып көрсете алады. Бұл бір шетінен вандализммен күрес мақсатында атқарылып жатқан шара. Жақын арада камералар Полиция департаментінің жедел басқару орталығына қосылады. Аялдамалар қоғамдық көлік қатынайтын уақытта ғана ашық болады. Алдағы уақытта шаһардағы барлық аялдама осылай бірыңғай келбетке келтіріледі.
Ақерке Жұмағазықызы, қала әкімдігінің баспасөз хатшысы:
- Бізде енді, өкінішке қарай, қалада вандалдар бар. Сол вандализмнің алдын алу мақсатында жедел басқару қызметіне қосылған бейнекамераларды орнатып жатырмыз. Автобустардың жүру бағыты көрсетіліп тұрады. Сонымен қатар тегін Wi-Fi орнату мақсатында келіссөздер жүргізіліп жатыр. Одан бөлек тегін телефон қуаттағыш болады.
Веньямин Бородай, студент:
- Жаңа аялдамалар өте әдемі. Енді қыстыгүні тұрғындар аязда тоңбайды. Бейнекамералар орнатылған соң кім болса да, мұны сындыруға қорқады. Қоқыс тастамайды. Себебі заң мен тәртіп бәрімізге ортақ.
Тегтер #Қонаев #аялдама #цифрландыру #вандализм #Заң мен тәртіп #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz