RU
Толық нұсқаға өту

Шығыс Қазақстандағы елді мекендерді түз тағысы иектей бастады

06.12.2025, 13:53 447

Жаз бойы саяжайлар мен омартаға аю кіріп, тұрғындарды әбден алаңдатқан еді. Енді өлкеде түлкі көбейді. 

Глубокое ауданындағы Бобровка ауылында түлкілер қора-қопсыға түсіп тауықтарды қыра бастаған. Қазір жергілікті жұрт сақтықты күшейтіп, жедел отряд өкілдеріне жиі хабарласатын болды. «Өйткені қорадағы малды қойып, жан үшін алаңдаймыз», - дейді тұрғындар. 

Бобровка ауылының тұрғындарынан түн баласы тыныштық кетті. Өйткені қыс түскелі мұнда түлкілер келгіштей бастаған.

Жедел отярд өкілдері шет жаққа тор орнатып, маңайды сүзіп шыққанмен әлі аңды ұстай алмай жүр. Алена Штаймец жұмыстан кеш қайтады. Дүкенге соғып, үйіме жеткенше асығамын дейді ол.

Алёна Штаймец, Бобровка ауылының тұрғыны:

- Тура міне осы маңнан жүгіріп өткенін көрдім. Кешке жақын біреу жұмыстан,біреу мектептен қайтады. Сондықтан бұл жеңіл желпі қарайтын мәселе емес. Өзіміз үшін де абалалар үшін де алаңдаймыз.

Инспекторлар ауыл ішін аралап, сақтық шараларын ескертіп жүр. Түлкімен бетпе-бет кездескен жағдайда оны үркіту керек дейді. Ал қасына жақындап ұстауға тырысудың соңы жақсы болмайды. Жұрт түз тағысы құтырма ауырын тарата ма деп алаңдаулы. Дегенмен мамандардың айтуынша, ауру белгілері аңның түрінен-ақ білініп тұрады.

Вадим Литвиненко, ШҚО табиғи ресурстар басқармасы, жедел отряд инспекторы:

- Ондай аң ештеңеден қорықпайды. Ауызы көбіктеніп, малға да адамға да шаба береді. Біз маңайға  тор құрып кеттік, жақында қолға түсірсек оны шалғай жаққа тау арасына апарып тастаймыз.

Қазір ауылдықтар қора-қопсысын мықтап бекітіп, түні бойы сақ отырады. Өйткені қу түлкі бір үйдің бірнеше тауығын қырып кеткен.

Эльмира Ахметова, тілші:

- Бобровка ауылы, сағат әлі бес болған жоқ. Ал көшелер осылай бос, ауыл жым-жырт. Өйткені елді мекенде түз тағысын кездестіргендер көп. Өйткені түлкілер түнде аула-аулада жортып, жұртты шошыта бастаған. Сондықтан кейбір ауылдықтар далаға таяқ ұстап шығады.

Бобровка орман-тоғаймен шектесіп жатыр. Сондықтан «аң қайдан келді дейтін емес», - дейді орманшылар. Оның үстіне қар қалыңдаған сайын азық табу қиындайды. Әсіресе кәрі түлкілер титықтай бастайды.

Мұрат Раисов, орманшы:

- Түлкілер қартайған жағдайда оны аулап, жей алмайтын жағдайда өзіне жеңіл тамақ табу үшін қораға түсуі мүмкін. Ол бір дәндеп алған түлкі, қайта-қайта келіп, құстарды құртып жүрген болу керек.

Жедел отряд өкілдері де бар гәп азықтың жоқтығында деп топшылап отыр. Сондықтан орманға жақын ауылдардан мұндай шағым түсіп тұрады. Әйтеуір адамға шапқан жағдай жоқ. 

Авторлары: Эльмира Ахметова. Жігер Бабаханов

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz