Түркістан облысында мемлекетке қайтарылған активтер есебінен 30-ға жуық нысан және жоба қаржыландырылып жатыр.
Алғашқы мәдени ошақ Темірлан ауылында ашылды. Құрылысы сәуір айында басталған өнер мектебі ел игіліне тапсырылды.
Бұған дейін Темірлан ауылының 400-ге жуық оқушысы жарты ғасыр бұрын салынған апатты жағдайдағы музыка мектебінде оқып келді. Енді өнерлі өрендер заман талабына сай салынған ғимаратта музыкалық білім алып, шығармашылығын шыңдайды.
Ғабит Садырбеков, ҚР Бас прокурорының орынбасары:
- Құрылыс жұмыстары тез әрі сапалы аяқталғанына куә болып отырмыз. Ауыл тұрғындары да жұмыс орындарымен қамтылатын болады. Бұл шаралар осы және көршілес ауылдардың жағдайын жақсартуға және балалардың сапалы білім алуына мүмкіндік беретін үлкен қадам. Осы мектеп балаларымыздың өсуіне, білім алуына жол ашып, ауылымыздың дамуына жақсы әсер береді деп сенемін.
Музыка мектебі 150 орындық акт залы, кітапхана, ұлттық аспаптар, гитара, фортепиано, дыбыс жазу студиясы, хор және музыкалық үйірмелер бөлмесімен қамтылған.
Әсия Алмасхан, өнер мектебінің оқушысы:
- Мен фортепиано сыныбында 9 жастан бастап оқимын. Қазір Түркістанда өтетін облыстық байқауға дайындалып жатырмын. Бұған дейін облыстық, аудандық, халықаралық сайыстарға қатысып, бас жүлде, 1, 2-орындар алдым. Мен "Өнер" университетіне түскім келеді және әрі қарай осы фортепиано өнерін жалғастырғым келеді.
Елде заңсыз иемденілген активтерді мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары жалғасып жатыр. Мемлекет басшысының тапсырмасына орай бұл қаражат еліміздегі жүздеген әлеуметтік нысан құрылысы мен жаңғырту жұмыстарына бағытталады. Осы қор арқылы Түркістан облысында 26 елдімекенге ауыз су құбыры тартылып жатыр. Одан бөлек Сайрам аудандық ауруханасы күрделі жөндеуден өтіп жатыр.
Жандос Жұмабек, Ерболат Әбіш
Тегтер #Түркістан облысы #қайтарылған активтер #өнер мектебі #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz