Қазақстан мен Франция азаматтық авиация саласында кадрларды даярлау бойынша ынтымақтастық туралы келісімге келді.
Мемлекет басшысының мамандарды даярлау жүйесін жаңғырту және халықаралық ғылыми-білім беру орталықтарымен ынтымақтастықты дамыту жөніндегі тапсырмасы аясында Көлік вице-министрі Талғат Ластаев бастаған қазақстандық делегация Францияның Азаматтық авиация ұлттық мектебінің директоры Оливье Шансу мен оның орынбасары Николя Калазиспен жұмыс кездесуін өткізді.
Кездесу барысында Еуропаның жетекші авиациялық мамандар даярлау орталығымен Астанада еуропалық деңгейдегі авиациялық оқу орталығын ашу мәселелері талқыланды. Аталған орталық азаматтық авиация саласындағы заманауи білім беру стандарттарының өңірлік орталығына айналмақ.
Тегтер #Қазақстан #Франция #авиация #ынтымақтастықPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz