RU
Толық нұсқаға өту

Қазақы тазының аңшылық қабілеті сыналды

07.12.2025, 17:49 401

Алматы облысында қазақы тазының аңшылық қабілеті сыналды.

Қазақстан кинологтар одағы ұйымдастырған шараға еліміздің бірнеше өңірінен 15 тазы қатысты. Сынақ барысында иттердің қоянның адымын аштырмай тез қуып жетуі, жылдамдығы, шапшаң бұрылуы, иіс сезуі және төзімділік секілді қасиеттері бағаланады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл бастама ұлттық тұқымды жүйелі түрде асылдандыруға бағытталған.

Бауыржан Серікқали, Қазақстан кинологтар одағының президенті:

- Қазіргі таңда біз тек қана сыртқы пішіндерін зерттеп, бағалап, сол бағаларды асылдандыру бағдарламасында пайдаланып жатырмыз. Биылдан бастап осы жүйені, ең басты мақсат, осы жүйені қалыптастыру. Қалыптастырғаннан кейін бұл бағалар міндетті критерий болып есептелетін болады асылдандыру мақсатында. Яғни айтсақ, төменгі баға алған иттер жұптастыруға жіберілмейді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz