RU
Толық нұсқаға өту

Су нысандарын жаңғырту қарқын алады

08.12.2025, 15:08 258

Елде су қауіпсіздігін арттыру бағытындағы жұмыстар жалғасып жатыр. Биылғы көктемгі тасқын кезінде ел аумағына 16 млрд текше метрден астам су келді.

Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің төрағасы Сейілбек Нұрымбетовтың айтуынша, тасқын суды қауіпсіз өткізу үшін су қоймаларында алдын ала бос сыйымдылық жасақталған. Сонымен қатар өзен арналарын санациялау бойынша 2025–2027 жылдарға арналған жол картасы бекітіліп, 10 облыста 51 өзен учаскесін қалпына келтіру жоспарланған. Бұдан бөлек, жаңа Су кодексін іске асыру мақсатында 22 нормативтік-құқықтық акт әзірленіп, бассейн инспекцияларының материалдық-техникалық базасы нығайтылды. Инспекция қызметкерлеріне жаңа көліктер, техника мен жөнделген әкімшілік ғимараттар тапсырылды.

Сейілбек Нұрымбетов, ҚР СРИМ Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің төрағасы:

- Маңызды бағыт ол гидротехникалық құрылыстарды қауіпсіз қамтамасыз ету. Мәселен, су тасқыны кезінде дайындық аясында бассейндік инспекциялар, Төтенше жағдай департаменттер және жергілікті атқарушуы органдардың өкілдерімен бірлесіп, 1395 бізде гидротехникалық құрылыстарын зерделеу жүргізді. Зерттеу қорытындысы бойынша 581 гидротехникалық құрылысты жөндеу қажет ететіндігі анықталды. Осыған байланысты қазіргі таңда 69 гидротехникалық нысанда жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр .

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz