RU
Толық нұсқаға өту

Алматыда пәтерде есірткі өсіргендер ұсталды

08.12.2025, 15:27 372

Алматыда пәтерде есірткі өсірген адамдар ұсталды. Әуезов ауданының сақшылары «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шара кезінде көпқабатты үйдің пәтерінен заңсыз зертхана тапқан.

Ол арнайы құралдармен жабдықталған. Тексеру кезінде құрамында есірткі заттары бар қарасорадан өзге басқа өсімдіктер де табылды. Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір заңсыз әрекетті ұйымдастыруға қатысы бар тұлғалар анықталып жатыр. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz