Кентауда газ қазандықтарын шығаратын зауыт іске қосылды. «Тұран» арнайы экономиалық аймағында ашылған өндіріс орны қытайлық инвесторлардың қаржысы есебінен жүзеге асты. Мамандар кәсіпорын өңірдің өндірістік әлеуетін арттырып, экономиканы дамытуға үлес қосатынын айтады.
Жаңа зауыт жылына 30 мың дана газ қазандығын шығарады. Өнім нарықта үлкен сұранысқа ие. Кәсіпорын жергілікті 40 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Өндіріс ошағы өңір экономикасын әртараптандыруға сеп болмақ.
Нұрбол Тұрашбеков, облыс әкімінің орынбасары:
- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бізге берілген тапсырмасының ең негізгісі ол – орта және шағын кәсіпорындарды ашып, тұрғындарымыздың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуда өңірлерге инвесторлар тарту, облысымызда жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Шығарылған өнімдер сапалы болып, еліміздің игілігіне пайдалана берсін дегім келеді.
Жобаны іске асыруға «TURAN Shenhua» серіктестігі 2,4 млрд теңге инвестиция салған. Кәсіпорын 18 кВт-тан 50 кВт-қа дейінгі қазандықтарды шығарады. Зауыттың жалпы ауданы 2500 шаршы метр. Бұдан бөлек, Кентау арнайы экономикалық аймағында кірпіш және темір бетон бұйымдарын шығаратын екі зауыт жұмыс істейді.
Асқар Әбділдаев, Кентау қалалық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы:
- Сонымен қатар бес жобаны жүзеге асырамыз деп жоспарлануда. Олар – «Кentau Cable Industries», ElectroCore», «Nauryzinvest», «Sayat Technology». Осы жобаларды жүзеге асырамыз деп жоспарлап отырмыз.
Аталған бес жоба жүзеге асырылғанда 150 жаңа жұмыс орны ашылмақ. Бұдан бөлек, индустриалды аймақта 10 жоба жүзеге асып жатыр.
Авторлары: Жандос Жұмабек, Ерболат Әбіш
Тегтер #Кентау #газ #қазандық #зауытPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz