RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстандық делегация көші-қон форумына қатысып жатыр

08.12.2025, 21:31 518

Қазақстандық делегация Халықаралық көші-қон ұйымы Кеңесі отырысының 116-шы сессиясына қатысып жатыр. Бұл – әлемдегі көші-қон үдерістерін басқару және еңбек мигранттарын қорғау мәселелері талқыланатын жаһандық форум. 

Жиында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Асқарбек Ертаев халықаралық стандарттарға сәйкес келетін жаңа Migration.enbek.kz цифрлық портал жобасын таныстырды. Құжат Қазақстан азаматтарын шетелге жіберетін жұмыспен қамту агенттіктерінің қызметін реттеуді, сондай-ақ шетелдік жұмыс күшін квоталау жүйесін жетілдіруді көздейді. 116-шы сессия екі күнге созылады. 

Асқарбек Ертаев, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі:

- 2030 жылға дейінгі тұжырымдама жобасы бірнеше жаңалықты қамтиды. Ең алдымен – азаматтарымыздың шетелге шығу мәселесі. Бүгінде қазақстандықтарды шетелге жіберетін жеке жұмыспен қамту агенттіктері бұл процесті өз қалауынша жүргізеді. Енді бұл мәселе шетелде еңбек ететін азаматтарымыздың құқықтарын қорғау мақсатында реттеледі.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz