Астанада дәстүрлі STS Cyber Challenge - 2025 байқауы басталды.
Екі күнге жалғасатын айтулы АйТи бәсекеде биыл 300-ден аса студент бақ сынайды. Сайыс барысында оларға киберқауіпсіздік пен ақпараттық жүйелерді қорғауға арналған бірнеше кезеңдік тапсырмалар беріледі. Байқау соңында үздік деп танылған жеңімпазға 1,5 млн теңге көлемінде ақшалай сыйақы беріледі. Шара мақсаты елімізде білікті мамандар шоғырын қалыптастыру мен оларға қолдау көрсету, киберқауіпсіздік саласындағы жаңа жобаларды дамыту.
Досжан Мұсалиев, ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі:
- Осындай байқаулардың бір ерекшелігі осы саладағы мамандарды дайындауға, ішіндегі жақсыларын іріктеп алуға саланың танымалдығын арттыруға көмектеседі. Қазір цифрландыру дамуына байланысты хакерлік шабуылдар көбейіп жатыр. Сондықтан бізге өзіміздің киберқауіпсіздікті қалыптастыру үшін ең алдымен жақсы мамандар керек.
Тегтер #Астана #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz