Ақтөбеде санаулы күннен кейін құрылысы көп жылға созылған көп қабатты тұрғын үй тапсырылады.
Баспанасын бес жылға жуық күткен үлескерлер қоныс тойын атап өтеді. Қазір тиісті құжаттары рәсімделіп жатыр. Жалпы өңірде биыл 1 млн шаршы метр баспана салынды. Құрылыс көлемі былтырмен салыстырғанда шамамен 350 мың шаршы метрге көп.
Мансұр Есқожин, тілші:
- Үлескерлер мәселесі Ақтөбеде кезең-кезеңімен шешіліп келеді. Мәселен, Алтын Орда ауданындағы 8 қабатты үйдің құрылысына 53 азамат жиған-тергенін берген. Алайда іргетасын қалаған компания басшылығы сенім артқан жандарды тақырға отырғызып, кейін алаяқтық бабы бойынша сотталды. Үлескерлер мәселесін арнайы ашылған мемлекеттік мекеме қолға алды. Олар инвестор тауып, құрылыс жалғасын тапты.
Дастан Аманов, құрылыс компаниясы директорының орынбасары:
- Үлескерлер мәселесін шешуде оң өзгерістер бар. Бес қабатты «Эксклюзив» тұрғын үй кешенінің «А» блогы толық аяқталды. Инвестор «Б» блогының құрылысын бастап кетті. «Жанғали» тұрғын үй кешенінде бір блоктың құрылыс-монтаж жұмыстары толық бітті, қазір ішкі әрлеу жұмыстары жүріп жатыр, ал екінші блокта құрылыс жұмыстары жүріп жатыр.
Өңірде мұндай 11 нысан бар. Тұралап қалған құрылысты жалғастыру үшін инвесторлар тартылуда. Жалпы биылғы маусымда Ақтөбеде ондаған зәулім ғимарат бой көтерді. Құрылыс қарқынды жүріп жатыр. Он айда 886 мың шаршы метр үй тапсырылған. Жыл соңына дейін 1 млн шаршы метрге жетуі тиіс.
Аслан Жарасбаев, облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары:
- Ақтөбе облысы бойынша құрылыс көлемі облыс бойынша 486 млрд теңгеге орындау жоспары тұр. Қазірдің өзінде 368 млрд теңгеге құрылыс жұмыстары орындалып тұр.
Мансұр Есқожин, тілші:
- Баспана құрылысына жауапты басқарма өкілдері келер жылы да 1 млн шаршы метр баспана салу жоспарланып отырғанын айтты. Бұл есепте көп қабатты ғимараттармен қатар жеке тұрғын үйлер де бар.
Мансұр Есқожин, Айнадин Молдабеков, Айбек Даутов
Тегтер #Ақтөбе облысы #тұрғын үй #құрылыс #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz