RU
Толық нұсқаға өту

Педагогтерді даярлау ісіне бақылау күшейеді

10.12.2025, 21:12 329

Елде педагогтарды даярлау ісіне бақылау күшейеді.

Бұл туралы бүгін Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен өткен кеңесте айтылды. Жиынға жауапты ведомство мен жоғары оқу орындарының басшылары қатысты. Вице-премьерге педагогикалық білім беруді дамыту тұжырымдамасының іске асырылу барысы баяндалды. Сондай-ақ функционалдық сауаттылықты арттыру, мұғалімдердің сыни ойлау мен цифрлық дағдыларын дамыту, жасанды интеллектіні оқу үдерісіне енгізу жайы талқыланды. Аида Балаева саладағы қордаланған мәселелерге назар аударды. Вице-премьердің айтуынша,  бүгінде министрлік – әкімдік – жоғарғы оқу орыны арасында өзара тиімді байланыс жоқ. Ал бұл сайып келгенде өңірлердегі кадр тапшылығы мәселесін шешуге кері әсер етіп отыр. Сонымен қатар вице-премьер болашақ педагогтерді әсіресе балабақша жүйесіндегі мамандарды даярлаудың маңызына тоқталды. Бұл бағытта жауаптыларға бірқатар тапсырма берді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz