Әмбебап кешен мың бейнебақылау камерасын қадағалайды.
Қала көшелері мен әлеуметтік нысан, тұрғын-үй аулаларына орнатылған құрылғылар қауіпсіздікті толық қамтуға қауқарлы. Осылайша шағын шаһар жасанды интеллектінің игілігін көрмек.
Жедел басқару орталығының қызметкерлері қоғамдық тәртіптің сақталуын осы жерден бақылайды. Операторлардың әрқайсысы кез келген аймақтың үлкейтілген кескінін көре алады. Тіпті көліктің ішіндегі адамның бет-бейнесі мен транспорттың нөмірін де анықтауға болады. Мұнда Полиция департаментінің қызметкерлері, әкімдіктің коммуналдық қызмет мамандары жұмыс істейді.
Мағжан Ержан, Ақмола облыстық цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы:
- Негізгі мақсатымыз мынау әкідікке көмектесу. Себебі, жасанды интеллект қазіргі заманымызғы алғышепкі. Осы арқылы коммуналды басқаратын басқармаларға көмек көрсетейін дегенбіз. Қоқыс тастау, қар тазалау. Оған қоса біз осы жобаны дрондармен көмектесіп жатырмыз.
Қосшы қаласында қазір 1000 бейнебақылау камерасын орнату жұмыстары аяқталды. Құрылғылардың барлығы жасанды интеллект элементтері бар бірыңғай интеллектуалды платформаға біріктірілген. Жол ережесі дрондар арқылы да қадағаланып отырады. Мұнымен қоса қосымша 2 дабыл батырмасы іске қосылған.
Ержан Жұмабеков, Ақмола облысы әкімі аппаратының басшысы:
- Және тағы бір ерекшелік әуеден бақылау жұмыстары жүзеге асырылады. Бұл заманауи дрондар беріледі. Бұл дрондар қоқыс орындары, тұрғын үйдегі жылу желілерінің жоғалу нүктелерін анықтауға мүмкіндік береді.
Бейнебақылау камералары мектеп, балабақшадан бастап әр көшеге орнатылды. Осылайша қаладағы құқықтық тәртіп қадағаланып отырады. Бастаманың игілігін келер жылы Ақмола облысының барлық тұрғыны көрмек.
Кәмшат Мұхамеджан, Артур Горшняков
Тегтер #Қосшы қаласы #жедел басқару орталығы #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz