Мыңнан астам ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер «Кең дала 2» бағдарламасы арқылы ерте қаржыландыруға өтінім берді.
Тізімге енген еңбеккерлерге бөлінетін қаржы 150 млрд теңгеге жуықтайды. Қаражатты ерте алу - алдағы маусымға дайындалуға, жанармайды тиімді бағамен алуға, тыңайтқыш сатып алып, техниканы түгендеуге мүмкіндік береді. Бағдарлама бойынша 5% жеңілдікпен сыйақы мөлшерлемесі белгіленген. Бөлінген қаржыны көктемгі егіс, күзгі жиын-терім мен маусымдық шығындарға жаратуға болады. Қаржыландыру Аграрлық несие корпорациясының филиалдық желісі және еліміздегі серіктес қаржы институттары арқылы жүзеге асырылады. Бұл аграрлық сектордың тұрақтылығын арттыруға және маусымдық дала жұмыстарын уақытылы жүргізуге ықпал етеді. Айта кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке көктемгі егіс жұмыстарын уақытылы қамтамасыз етуді тапсырды.
Тегтер #ауыл шаруашылығы #қаржыландыру #өтініш #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz