Шығыс Қазақстанда ескертуді елемей, мұздың үстіне шыққан 26 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Құтқарушылар өзен-көлдерді жиі тексеріп, сақтық шараларын күшейтіп жатыр. Себебі дұрыс қатпаған мұзға шығып, балық аулайтындар азаймай тұр. Мұздың қалыңдығы 25 см-ден кем болмауы керек. Әсіресе Самар, Күршім, Ұлан ауданының тұрғындары жиі тәртіп бұзады, дейді құтқарушылар. Былтыр өңірде мұз жарылып, екі адам суға кеткен еді.
Ерік Тұрсынғалиев, облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері:
- Ауыр киім суға кеткен адамды астыға тартады сондай жағдайларда, мысалы, орындарын анықтау,сонымен қатар жолдарды жабық болуына байланысты кейбір жерлерде қардың түсуіне байланысты қарлы боранға орай іздің басылып қалуына байланысты бізге іздеп табу қиын.
Тегтер #Заң мен тәртіп #ШҚО #мұз #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz