Жезқазған жастары қалалық саябақты қоқыстан тазартып, қураған ағаштарды кесті. «Таза бейсенбі» акциясына колледж студенттері мен «Жастар рухы» жастар қанатының мүшелері қатысты.
Саябақтың айналасы мен жол жиегін де ретке келтірді. «AMANAT» партиясының жергілікті филиалы өңірде апта сайын тазалық шарасын ұйымдастырып жүр. Биыл 100 тоннадан астам қоқыс шығарылды.
Еркеназ Төленді, студент:
- Біз группаластырымызбен колледжіміздің жанындағы саябақты тазалайық деп шештік. Әрдайым шығамыз тазалыққа. Бұл саябақта үлкен кісілер көп жүреді. Таза ауа жұтып. Сондықтан күннің суығына қарамастан істеп жатырмыз. Қаламыздың таза болғаны бәрімізге жақсы ғой.
Тегтер #Таза Қазақстан #Жезқазған #саябақ #жастарPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz