«Алматы-Өскемен» автомагистраліндегі жол апатынан аман қалған бүлдіршіннің бірі санавиациямен Талдықорғанға жеткізілді. Төрт жасар балаға облыстық балалар ауруханасында операция жасалады. Ал оның інісі мен анасына Сарқан ауданында ем-дом көрсетіліп жатыр.
Жол-көлік оқиғасы кеше Жетісу облысындағы Қойлық ауылының маңында болды. Қос көліктің бетпе-бет соқтығысуынан төрт адам оқиға орнында көз жұмды. Тағы біреуі емдеу мекемесінде қайтыс болды. Зардап шеккендердің жағдайын дәрігерлер орташа ауыр деп бағалап отыр.
Біржан Уақанов, Сарқан аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:
- Қазіргі таңда Сарқан аудандық ауруханасында екі азамат жатыр. Жағдайлары тұрақты. Тәулік бойы дәрігерлердің бақылауында.
Тегтер #Алматы Өскемен #жол көлік апаты #бүлдіршін #отаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz