Маңғыстау облысындағы «Темір-баба» кеден бекеті жаңартылды, деп хабарлайды 24KZ. Енді қазақ-түрікмен шекарасынан 30 минут ішінде еш кедергісіз өтуге болады.
Стратегиялық нысан аумағы бұрын 3 мың шаршы метр болған. Жаңғыртудан кейін екі есеге ұлғайды. Бұдан былай жүргізушілер мен жолаушы құжаты көліктен шықпай-ақ сканерленеді. Рәсімдеу шаралары «Кеден» біртұтас цифрлық жүйесі арқылы «Бір терезе» қағидасымен жасалады. Алты жолақты кеден бекетінің өткізу қабілеті 150-ден 350 көлікке дейін өсті. Электрондық кезек кептелісті болдырмайды.
Қазір елде 55 автокөлік өткізу бекеті бар. Бес жылда 37-сін жаңғырту жоспарда тұр.
Артем Абильдинов, облыстық Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары:
- Бекет заманауи бақылау құралдарымен жабдықталған. Радиациялық детекторлар, жылу камералары, салмақ пен көлем өлшегіштер, инспекциялық бақылау кешендері және багажды бақылау үшін рентген аппараты адамдарды тексереді. Орташа өту уақыты келген тұлғалар үшін 5 минуттан аспайды.
Тегтер #Маңғыстау облысы #Темір Баба #кеден бекеті #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz