RU
Толық нұсқаға өту

Астанада Тәуелсіздік күніне орай 80-нен астам іс-шара өтеді

13.12.2025, 09:05 366

Астанада Тәуелсіздік күніне орай 80-нен астам мерекелік іс-шара өтеді. Бұл туралы елорда әкімдігі хабарлады. 

Концерт, спорттық турнирлермен қатар, танымдық басқосулар жоспарланған. Мәселен, қалалық кітапханаларда «Қаламгер ұстаханасы» атты дәрістер, «Тәуелсіздік – тұғырым, Егемендік – елдігім» иллюстрациялық көрмесі, мектеп және колледждерде «Қазақстанның асқақ рәміздері» атты кездеcулер ұйымдастырылады. Ақыл-ой бәсекесін қалайтындар «Не? Қайда? Қашан?» – «Тәуелсіздік күні» тақырыбындағы Quiz сайысына қатыса алады. 

13–14 желтоқсанда әуесқойлар арасында теннис турнирі, сондай-ақ ұлттық ойын – тоғызқұмалақтан жарыс басталады. Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрында «Сәйгүлік» қойылымы сахналанады. «Тәуелсіздік – ұлт рухының бастауы» кітап көрмесі, этно-заманауи стильдегі концерт қала тұрғындары мен қонақтарына тарту етіледі.

 

 

 

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz