RU
Толық нұсқаға өту

Мақат кентінде жүзу орталығы салынып жатыр

14.12.2025, 09:20 297

Атырау облысы Мақат кентінде мемлекет қолдауымен жеңілдетілген несие алған кәсіпкер ауданда алғаш болып жүзу орталығының құрылысын бастады. Бұл ауылдағы алғашқы жоба болғалы тұр. Балаларға және ересектерге арналған жүзу бассейндері мүгедектігі бар жандарға тегін қызмет көрсетеді. Биыл Атырау облысында «Ауыл шаруашылығын қолдау қоры» арқылы 7 пайыздық жеңілдікпен берілген 3 млрд 850 млн теңгеге 200-ден астам жоба жүзеге асты.

Кәсіпкер Ербол Ермағамбетовтің жүзу орталығының жобасы ауылдастары үшін тың бастама болды. Бұған дейін Мақатта балаларды жүзуге үйрететін орын жоқ еді. Мемлекеттің қолдауымен жеңілдетілген несиеге қол жеткізген кәсіпкер 2 жүзу бассейнді келер жылдың көктемінде ашпақ ниетте.

Ербол Ермағамбетов, кәсіпкер:

- Бассейін ересектерге және балалар мен жасөспірімдерге арналған. негізгі бірінші мақсаты балаларға жүзу үйретететін орталық ашу. Сондай-ақ тағы бір әлеуметтік маңызы: ол мүгедектігі бар балаларға да қосымша сауықтыру мақсатында жоба жүргізгіміз келіп отыр. Сонымен қатар кешкі мезгілде және сенбі-жексенбі күндері тұрғындарға арналған сауықтыру мақсатындағы бассейн болады.

Ұзындығы 16, ені 8 метрлік ересектерге арналған бассейн дайын тұр. Енді тереңдігі 1 метрлік балалар бассейнінің құрылысы жүріп жатыр. Жүзу орталығы жекеменшік-мемлекеттік әріптестік арқылы мүгедектігі бар жандарға тегін қызмет көрсетпек. Мақат ауданында мемлекет қолдауын сезінген кәсіп иелері көбейіп келеді. Биылдың өзінде ауданда түрлі бағдарламалар арқылы құны 222 млн теңгеге жуық 29 жоба жүзеге асты.

Гүлнұр Атабаева, Мақат аудандық Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы:

- Осы қараша айында «Ауыл аманаты» жобасы іске қосылды. Оған құжат тапсырушылар қазіргі таңда кооперацияға бірігуде. Қазіргі таңда 3 кооперацияның құжаты Атырау облысына тапсырылды. Енді ол кісілер де өз қаражатын күтуде. Сонымен қатар жеке тұлғаларға да 9 млн теңге көлемінде Ауыл аманаты» жобасы бойынша құжаттар жинақталып жатыр.

Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында ауылдық жерлерде кәсіпкерлікті дамытуға жол ашу керектігін атап өткен болатын. Осыған орай Атырауда «Ауыл шаруашылығын қолдау қоры» арқылы бизнес бастауға ниетті ауыл тұғындарына 3 млрд 850 млн теңге жеңілдетілген несие берілді. Нәтижесінде өңірде 231 жоба жүзеге асып, жүздеген жаңа жұмыс орындары ашылды.

Авторлары: Арыстанбек Кенже, Айбек Байзақов, Жандос рахметуллин

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz