RU
Толық нұсқаға өту

Соңғы жарты жылда 26 млн мемлекеттік қызмет онлайн көрсетілді

14.12.2025, 16:45 326

Биыл жарты жылда қазақстандықтар 26 млн астам мемлекеттік қызметті үйден шықпай онлайн алды. Азаматтардың тең жартысы eGov Mobile қосымшасын пайдаланған.

Электрондық үкімет дерегі бойынша, платформаға 11 млн адам тіркелген. Кейінгі алты ай ішінде қосымшаны қолданушылардың саны тағы 1 млн адамға толықты. 40 млн-нан астам адам «Цифрлық құжаттар» бөліміне кірген. Жалпы қазақстандықтарға 38 цифрлық құжат қолжетімді. Оның ішінде жеке куәлік, көлік жүргізуші куәлігі тағы студенттік билет бар. 

Жеке деректердің сыртқа таралмауын тексеру және 073 формасындағы медициналық анықтама алу қызметтері де ұсынылады. Тіпті полицияға арыздануға мүмкіндік беретін «Заң және тәртіп» жүйесі де белсенді түрде қолданылады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz