ТЖМ құтқарушылары төрт адамды эвакуациялап, жеңіл автокөліктерді қар құрсауынан шығарды, деп хабарлайды 24KZ ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
112 қызмет пультіне Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Переметное ауылының маңында ауа райының күрт нашарлауына байланысты жеңіл көліктер қар құрсауында қалғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына ТЖМ күштері дереу шығып, жағдайды бағалап, авариялық-құтқару жұмыстарына кірісті. Құтқарушылардың үйлесімді және кәсіби іс-қимылдар нәтижесінде төрт адам эвакуацияланып автокөліктер қар құрсауынан шығарылды. Зардап шеккендер жоқ.
Тегтер #Таңдаулы #БҚО #көлік #эвакуацияPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz